Астанада А.Бараев көшесі мен Республика даңғылының арасындағы туннельдің бір бөлігі жабылады

Фото: Астана қаласының әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM – Александр Бараев көшесі мен Республика даңғылының арасында орналасқан туннельдің бір бөлігі уақытша жабылады. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы А.Бараев көшесі мен Республика даңғылының арасында орналасқан туннельдің жүріс бөлігіндегі судың ағып кетуін тексеру және жою жөніндегі жұмыстар жүргізіледі.

Осыған байланысты 10-15 желтоқсан аралығында қажетті тексерулер жүргізу үшін жолдың бір жолағы ішінара жабылатын болады.

Бұл ретте қозғалыс екінші жолақ бойынша ұйымдастырылмақ. 

Бұрын хабарланғандай, Алматыда жаңа көпірде қозғалыс ашылды.