Алматыда жаңа көпірде қозғалыс ашылды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының Жетісу ауданында құрылысы осы жылдың тамыз айында басталған көпірдің техникалық ашылуы өтті.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мегаполис басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша көпір бойындағы апатты жағдайға салдарынан қозғалыс жабылып, жаңасын салу туралы шешім қабылданған болатын.
Бір аралықты типтегі жаңа көпір құрылымы қысқа мерзімде-шамамен 4 айда тұрғызылды. Жұмыстың бірінші кезеңі аясында апаттық көпірді бөлшектеу, инженерлік желілерді қайта құру, 29 метрлік бұрғылау қадаларын монтаждау, тіректер мен тірек желілерін орнату жүргізілді.
– Салынған көпір ескіден екі есе ұзын: 16,8 метрге қарсы 33 метр. Сондай-ақ ені 8,5-тен 14,5 метрге дейін ұлғайтылды, жүріс бөлігінің екі жағында әрқайсысы 1,5 метр жаяу жүргіншілер тротуары ұйымдастырылды. Жаңа көпір толығымен аяқталды және барлық ережелерге сай салынған. Ол автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіз қозғалысқа кепілдік бере отырып, барлық қажетті тексерулер мен сынақтардан өтті,– деп атап өтті әкімдіктен.
Қазір өзен арнасын нығайту және жарықтандыруды қамтитын абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұдан басқа, өзен арнасын техника үшін уақытша негізден тазарту жүргізілетін болады. Бұл жұмыстарды осы айдың соңына дейін жүргізу жоспарда.
Өткен ғасырдың 1960-шы жылдары салынған көпір құрылымы ешқашан жөнделмеген және жарамсыз болып қалған.
Естеріңізге сала кетейік, жаңа көпір салу бойынша жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін аталған учаскені айналып өту Мұхамеджан Сералин көшесі арқылы қамтамасыз етілді.