Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.
«Бүгін сағат 4.40 кезекші бөлімге «Abu Dabi Plaza» кешеніндегі өрт туралы хабар түскен. Хабарлама түскеннен кейін 10 минут ішінде өрт сөндіру қызметі оқиға орнына жетті. Төрт жауынгерлік учаске құрылды, оның екеуі - бұл 40 өрт сөндіруші ғимараттың ішінде тілсіз жаумен арпалысып жатыр. Өрт сөндірушілер алдан ала деректер бойынша, 120 жұмысшыны қауіпсіз жерге шығарды. Жапа шеккендер жоқ», - деп хабарлады Р. Иманқұлов.
Оның сөзіне қарағанда, жалынмен күреске биік ғимараттардағы өртті сөндіруге арналған техника тартылды. Барлығы отты ауыздықтауға 78 өрт сөндіруші мен 27 өрт сөндіру техникасы және Астана қалалық ІІД 12 техникасы мен 24 адамы жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін 11 қабаттан 25 қабатқа дейін өртеніп жатты. Оқиға орнына ІІМ генерал-полковнигі Қ.Қасымов және министрдің орынбасары В. Божко келді», - деп атап өтті ол.
«Сағат 8.25-те от ауыздықталды. Подъезд жолдары болмағандықтан жалынмен арпалысу қиын болды. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт газ баллондардың жарылуынан шыққан. Жалынның шығу себептері анықталып жатыр. Нысандағы өрт қауіпсіздігін «НикаСтройСервис» ЖШС қамтамасыз еткен, - делінген хабарламада.