Астана полициясына АҚШ азаматы «Кариб елдері» павильоны комиссарының көмекшісі Sacha Michael Gui Teau көмек сұрап келген. Ол таксидің салонында қызметтік ақпараттары бар ноутбугі мен киімдері салынған жол шабаданын ұмыт қалдырғанын хабарлады.
Бұл факті сотқа дейінгі тергеу бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 188-бабы 1-тармағы бойынша тіркелген. Полиция шетелдікті жеткізіп салған автомашина мен жүргізушіні анықтаған. Жеке заттары салынған шабадан АҚШ азаматына қайтарылды.
Sacha Michael Gui Teau мен ЭКСПО-дағы Гаити уәкілетті комиссары Миссис Глэдис Гюто полицейлерге ризашылығын білдіріп, ІІД басшылығына алғыс хат жолдады.