Астанада аса ірі көлемде алаяқтық жасаған ер адам іздестірілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының ішкі істер департаменті аса ірі көлемдегі алаяқтықты жасағаны үшін 01.01.1983 жылы дүниеге келген Қасымбеков Қайрат Серікұлын іздестіруде.

Қ.Қасымбеков елордада тұрып, мезгілсіз дүние салған егде жастағы әйелдің жылжымайтын мүлігін (2 бөлмелі пәтер) заңсыз жолмен қайта ресімдеп, содан кейін оны сатып жіберген, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта сол алдындағы тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Егер сіз Қасымбеков Қайрат Серікұлы әрекеттерінің құрбаны болсаңыздар, Астана қалалық ІІД-не хабарласуларыңызды сұраймыз, телефон нөмірлері: (7172)71-63-56, 71-63-69, сот. тел: 7 702 474 00 83.