Астанада «Астана»-«Қайрат» матчына байланысты жол қозғалысы шектеледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы 8 наурызда «Астана»-«Қайрат» командасының арасында ҚР Супер кубогы үшін футбол матчын өткізуге байланысты елордада көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлады Астана қалалық ІІД-нің жергілікті полиция қызметі.

Көлік қозғалысы 13.00-ден бастап Қабанбай батыр мен Тұран даңғылдары бойынша Керей мен Жәнібек хандар көшесінен Хусейн Бен Талал көшесіне дейін аралықта шектеледі. Шара аяқталғанша жол жабық болады. Аталған аумақты айналып өту үшін - Орынбор көшесімен жүру керек.

Жанкүйерлерді жинау мен жеткізу бес арнайы бағдар бойныша төмендегі мекенжайларда жүзеге асырылады.

1) «Қазақстан» СК маңында (Қажымұқан көшесі бойынша);

2) «Хазірет Сұлтан» мешіті маңында (Қошқарбаев даңғылы бойынша);

3) «Нұр Астана» мешіті маңында (шығыс жақ автотұрақтан);

4) Елордалық цирк маңындағы автотұрақ (Қорғалжын тас жолы бойынша автотұрақ)

5) Мұңайтпасов стадионы маңындағы автотұрақ (Кенесары көшесі бойынша);