Астана қаласы ІІД ӘПБ бастығының орынбасары Игорь Горбуновтың мәліметінше, полиция қызметкерлері ғимараттардың кіреберіс маңайларында, нашар сыпырылған квартал аралық жолдарда, жаяу жүргінші жолдары мен азаматтар көп жүретін нысандардың кіреберістерінде (дәмхана, мейрамхана, дүкендер, базарлар мен тағы басқалары) қар мен мұзды уақытында тазаламағандарға және құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік тараптағы шараларды қолдануда.
Бекітілген учаскелерде тазарту жұмыстарының жүргізілуін тексеру барысында әкімшілік жауапкершілікке 11 ПИК және 5 бөлім ұйымдарының 5 жетекшісі тартылып, оларға 750,5 мың теңге айыппұл салынды. Одан басқа, шағын және орта бизнес нысандарына қатысты әкімшілік жауапкершілік шаралары қолдануда. Ал тұрғын үйлерде тыныштық бұзғаны үшін 300-ден астам азаматқа айыппұл салынды.
«Екі күннің ішінде алдын алу іс-шараларының нәтижесінде бекітілген аумақты уақытылы тазаламағаны үшін ҚР ӘҚБтК 505 бабының 1 б. бойынша 11 дәмхана мен мейрамхана иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға қатысты жалпы сомасы 376 580 теңгені құрайтын айыппұл салынды. Елордалық дәмхана мен мейрамхана жетекшілеріне бекітілген аумақтарда тұрғын үй ережелерін сақтап, уақытылы қар мен мұз қалдықтарын шығарып отыру жөнінде 120 үкімхат берілді», - деп хабарлады ІІД ӘПБ бастығының орынбасары.
Аталмыш бағыттағы жұмыстар жалғасуда.