Астанада автобус жолаушысын тонаған 22 жастағы ер адам ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 желтоқсанда Астана қаласы «Алматы» ауданының ІІБ кезекші бөліміне А. есімді азамат бағдарлық автобуста белгісіз біреу оның сөмкесінен ақша мен құжаттарын ұрлап кеткені жайлы шағымданды.

Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері Қарағанды облысының 22 жастағы тұрғынын қолға түсірді. Күдікті бұдан бұрын да ұрлық жасап, тонауға қатысқаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған болып шықты.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 175-бабы (ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Оның басқа қылмыстарға қатыстылығы бар-жоқтығы тексерілуде.

Полицейлер бағалы заттарды ішкі қалтада ұстауды, қоғамдық көлікте жүрген кезде абай болуды ескертеді.