Астанада аялдамадағы адамның соққыға жығылуы: Күдікті ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық полицейлер аялдамада отырған ер адамды соққыға жығу оқиғасы бойынша күдіктіні ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі елорданың ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазір қолға түскен күдікті тергеліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде белгісіз біреудің егде жастағы ер адамды автобус аялдамасында соққыға жыққаны туралы видео жарияланған еді. Оқиға 8 сәуір күні Шоқан Уәлиханов көшесінің бойында болған.

Астана қалалық ІІД-ден мәлімдегендей, аталған факті ҚР ҚК-нің 290-бабы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтау үшін зардап шеккен адамды да іздестіруде.

Бұл оқиға туралы қандай да бір ақпаратты білетіндер Астана қаласындағы «Сарыарқа» аудандық ІІБ-не, не болмаса 8 (7172) 71-66-10, 71-66-11, 71-61-24 телефон нөмірлеріне қоңырау шалуына болады.