Астанада әйелді қағып кетіп, оның өліміне себепші болған жүргізуші қамауға алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 тамызда Қошқарбаев көшесінде әйелді қағып, оның өліміне себепші болған жүргізуші қамауға алынды.

Еске салсақ, 35 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмған болатын.

«7 тамызда елордалық ІІД тергеу басқармасының қолдаухаты бойынша Астана қ. Алматы аудандық №2 соты 5 тамызда сағат 19.00-де Қошқарбаев көшесінде әйелді қағып өлтірген жүргізушіге қатысты қамақта ұстау - бұлтартпау шарасын қабылдады», - делінген ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Астана ІІД ҚР ҚК 345-бабы бойынша сот алды тергеу жүргізуде.