Атап айтқанда, қызыл түстің « » қосымша белгісі орнатылады. Мұндай белгі Францияда кеңінен қолданылады. Оны қолдану мақсаты реттелетін жол қиылыстарында солға бұрылыс жасаған кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Бұл дабыл солға бұрылатын жүргізушілерге ғана арналған. « » белгісі қарсы бағыттағы көлікке бағдаршамның «қызыл» белгісінің жағдайын көрсететінін түсіну маңызды.
Бұл эксперименттің мәні қиылыстың сол жағына трафаретпен « » белгісі енгізілген бағдаршамның қызыл түсті секциясын қамтитын арнайы қосымша белгі орнату болып табылады. Қабанбай батыр мен Қорғалжын тас жолы қиылысында жанама бағыт бойынша Тұран даңғылынан қозғалған көліктер үшін бағдаршамның рұқсат беретін белгісі қарсыға қарағанда, бұрын қосылады. Бұл кезеңде «қауіпсіз/дау-дамайсыз» солға бұрылуға мүмкіндік бар. Бұл ретте « » белгісінің жағдайы бойынша жүргізушілер қарсы келе жатқан жүргізушілер үшін бағдаршамның «қызыл» белгісі сол сәтте жанған/жанбағанын байқай алады. Егер « » белгісі сөнсе, онда қарсы келе жатқан көліктер жүре бастайды және оны өткізіп жіберу қажет. Осылайша, жол қозғалысы қауіпсіздігі артады.