Тергеу деректеріне сәйкес, ол сегіз ай бойы 2ГИС қосымшасы арқылы балабақшаға баласын орналастырғысы келген ата-аналарды іздеген. Олармен байланысқа шығып, өз қызметтерін ұсынып, таныстары арқылы мектепке дейінгі мекемеден орын алып беруге уәде еткен.
Оның уәделеріне сенген тоғыз тұрғын оған жалпы сомасы 590 мың теңге аударған.
Сот жәбірленушілердің азаматтық талаптарын қанағаттандырды.
Қала прокуратурасы азаматтарды сақ болуға және балабақшалардан орын алу мәселелері бойынша тек ресми порталдар мен уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінуге шақырады.
Қызылорда облысында балабақша есепшісі 21,5 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді.