Қызыл жолақтар автомобильдің тежелу жолын үш есеге қысқартады. Әрі жолақтың түсі білім беру мекемелерінің маңында жылдамдықты бәсеңдету қажеттігін жүргізушінің есіне салып тұрады.
Мұндай жерлерде көліктің жылдамдығын 40 км/с-қа дейін азайту қажет. Яғни, сызық жүргін бөлікте қырағы болу қажеттігін ескертетін «Назар аударыңыз! Балалар!» ақпараттық тақтасының әрекетін қайталайды. Айта кетейік, ақпараттық тақта жылдамдықты 40 км/с-қа дейін қысқартуға бағытталған.