Республикалық үйлестірмелі кеңес мәжілісінің жұмысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Инвестициялар және даму, Спорт және мәдениет министрліктерінің, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының өкілдері және балаларға қосымша білім беру жүйесінің жас туристер станциялары мен орталықтарының басшылары қатысты.
Мәжіліске қатысушылар балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту, балалар мен жасөспірімдер туризмін дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін жүзеге асыру бойынша кешенді жүйелі шаралар қабылдау, республикадағы балалар мен жасөспірімдер туризмі саласындағы қолданыстағы заңнамаларды жетілдіру бойынша министрлік пен ұйымдардың өзара әрекеттестігі мәселелерін талқылады.