«Ауруханаға түскен сәтте әйелге жедел операция жасалып, жансақтау бөліміне түскен еді. Атап өткен жөн, әйел ауруханаға түскенде-ақ өте ауыр жағдайда болған. Қазір де ол жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр», - деп хабарлады қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтанда көпқабатты үй шатырынан металл конструкция құлаған еді. Салдарынан 56 жастағы әйел түрлі жарақат алып, жансақтау бөліміне түсті. Оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.