Бұл туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Отырыс жұмысына ҚР ТЖ министрі В.К. Божко, телтөрағалар ҚР ТЖ вице-министрі В.В. Петров, Ресей ТЖ министрінің орынбасары А.П. Чуприян, Беларусь ТЖ министрінің орынбасары Г.Ф. Ласута, сондай-ақ үш елдегі ТЖМ құрылымдық бөлімшелері мен жетекші ғалымдары қатысты.
Отырысты аша отырып, ҚР ТЖ министрі В.К. Божко бірлескен ғылыми-техникалық кеңес отырысы - бұл үш елдің кеден және экономикалық одақ, халық пен төтенше ведомстволардың өткен екі онжылдық бойы қалыптасқан тарихи түрдегі берік және жақсы өзара қарым-қатынас шеңберіндегі одан арғы терең ықпалдасу жолындағы кезекті шынайы қадам екенін атап өтті. Бұл жерде халықты, объектілер мен аумақты дүлей зілзалалардан және апаттардан қорғаудың кешенді ғылыми-практикалық негіздерін жетілдіру, бірлескен зерттеулер жүргізу, ғылыми білім алмасу маңызды рөл атқарады.
Отырыс барысында өрт ошақтарын мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру, оның тиімділігін арттырудың жолдары мен тәсілдері, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызметті ынталандырудың экономикалық тұтқасын енгізу мәселелері талқыланды. Халықты төтенше жағдайлардан қорғануға үйретудің инновациялық технологиялары қаралды. Тау-құтқару, атқыламаға қарсы және газ-құтқару қызметі жұмысының тиімділігін арттыру, төтенше жағдайлардан қорғану және азаматтық қорғаныс саласындағы техникалық реттеу жүйесін жетілдіру мәселелері жөнінде баяндамалар тыңдалды. Бірлескен ғылыми-техникалық кеңес аясында халықты оқытуды ұйымдастыру, ақпараттандыру және хабардар ету мәселелері жөніндегі жедел топ құрылды, кеңестің 2014 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Отырыс соңында халықты, объектілер мен аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі ғылыми-практикалық қызметтегі бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру мен қауіп-қатерлердің біздің ведомствода туындауын азайтудағы инновациялық тәсілдерді дамыту бойынша белгілі жұмыстар атқарылғаны атап өтілді. Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдер бірлескен ғылыми-техникалық кеңеске қатысушы елдердің төтенше ведомстволары қызметінің тиімділігі мен жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді.