Астанада белгісіз біреулер бірнеше автокөлікті қасақана зақымдаған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Ақмешіт көшесінде тұрған автокөліктерді белгісіз біреулер зақымдап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, оқиға 29 қазанда түнгі уақытта тіркелген.

«Полицияға 4 автокөліктің иесі келіп, 29 қазан күні түнгі уақытта Ақмешіт көшесінде тұрған көліктерді белгісіз біреулердің зақымдап кеткенін айтып шағымданды. Қазіргі уақытта жедел іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлайды Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінен.

Аталған оқиға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.