Астанада бес қабатты үйден өрт шығып, 36 адам эвакуацияланды

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Астананың Алматы ауданында Манас көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үй кешенінің 4-қабатындағы пәтерде үй заттары мен жиһаз өртенді, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Фото: Еңбекмині

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетіп, өртті сөндіру жұмыстарына бірден кіріскен. 

-Құтқару жұмыстары барысында газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны 6 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарды. Сонымен қатар ғимараттан 30 адам эвакуацияланды. Өрт 25 шаршы метр аумақта толық сөндірілді,-делінген хабарламада.

Осыған дейін Астанада LRT стансасынан өрт шыққаны туралы жаздық.