«11 қазанда Астана ІІД қылмыстық полициясының қызметкерлері бірнеше рет автомашина салондарын тонап кеткен қылмыстық топты ұстады. Олар 27-ден 32 жасқа дейінгі елорда тұрғындары, оның екеуі бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдіктілер ІІД уақытша ұстау оқшаулағышына жіберілді. Олардың қала аумағындағы осыған ұқсас бұрын ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде», - деп жазды София Колышбекова.
Қала ІІД баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, қаскүнемдер балабақшалардың, сауда және ойын-сауық орталықтарының, базарлардың алдында тұрған автомашиналардың салонына «кодграберді» пайдалану арқылы кірген. Телефондарын, құнды заттары мен ақшаларын көлікте қалдырған азаматтар олардың құрбаны болған.