Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, төмендегі көшелерде көлік құралдарының қозғалысы шектелінеді:
- Абай даңғылы бойынша Уәлиханов көшесінен Бейсекбаев көшесіне дейінгі учаскеде, Жұбанов көшесінен Пушкин көшесіне дейін, (жол төсемінің орта деңгейдегі жөндеуі жүргізілуде, қозғалыс жартылай шектелген) 25 қыркүйекке дейін;
- Оқжетпес көшесі бойынша Байтұрсынов көшесінен Бейсеков көшесіне дейін, (жол төсемінің шұңқұрлы жөндеуі жүргізілуде, қозғалыс жартылай шектелген) 11 қыркүйекке дейін;
- Тәуелсіздік даңғылы бойынша Б.Момышұлы Байтұрсынов көшелеріне дейін (құдықтарды төсеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, қозғалыс жартылай шектелген) 9 қыркүйекке дейін;
- Конституция көшесі бойынша С. Мұхамеджанов көшесінен Қарталы көшесіне дейін, (жол төсемінің жөндеуі жүргізілуде, қозғалыс жартылай шектелген) 12 қыркүйекке дейін;
Аталмыш учаскелерде жұмыстарды жүргізу кезеңінде тиісті белгілер орнатылды.