Астанада Бөгенбай батыр даңғылы тамыздың соңына дейін жабылады

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада Бөгенбай батыр даңғылының Ш. Уәлиханов көшесінен Сарыарқа даңғылына дейінгі учаскесінде орташа жол жөндеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Осыған байланысты, 11-31 тамыз аралығында көрсетілген учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Қозғалыс жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.

— Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, — деп ескертті әкімдіктен.

Фото: Астана әкімдігі

Бұған дейін Арқар көпірі 17 тамызға дейін ішінара жабылатыны хабарланды.