Олардың ішінде 185 жағдай көшеде алған жарақаттармен байланысты. Медицина мамандарының мәліметінше, жарақаттар бойынша бөлек санат жүргізіледі.
— Көктайғақ салдарынан болған жарақаттарға қатысты жеке статистика есептелмейді. «Көшеде алған жарақаттар» санатына ашық аймақта алынған барлық жарақат түрі жатады, — деп нақтылады баспасөз қызметі.
Осыған байланысты қала тұрғындарына ауа райының қолайсыздығын ескеріп, барынша сақ болу, жолда және көшеде жүріп-тұру кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау ұсынылады.
Айта кетейік, Астанада көктайғақ салдарынан 100-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелгенін жазған едік.