Жәрмеңкеде еліміздің әр өңірінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс, жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаш, табиғи шырындар, тосап, джем және басқа да тағамдарды тиімді бағамен сатып ала алады.
Іс-шара 16-17 мамыр күндері сағат 10:00–ден 19:00–ге дейін Keryen Joly сауда орталығы аумағында өтеді.
Келушілердің ыңғайы үшін жәрмеңке өтетін орынға № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 автобус маршруттары қатынайды.
Айта кетейік, Алматыда мереке және демалыс күндері азық-түлік жәрмеңкелері жұмысын жалғастырады.