Жүргізілген тергеу барысында, сотталғандардың Қазақстан аумағында діни алауыздықты қоздыру, террористік және экстремистік идеологияны тарату мақсатын көздеп, сондай-ақ жаңа жақтастарды тартумен айналысқаны анықталды.
— Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен олар 9 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, — делінген ҰҚК хабарламасында.
Сотталғандардың көбі бұрын ауыр қылмыстар, соның ішінде полиция қызметкерін өлтіру, қарақшылық, тонау, адам ұрлау және есірткі заттарын өткізу үшін соттылы болған.
Айта кетелік ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымын тоқтатқан еді.