Іс-шараның басты мақсаты — қазақ халқының қасиетті ұлттық аспабы — домбыраны кеңінен насихаттау, жастардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыру.
«Dombyra Party» — әрбір қатысушы ашық микрофон форматында өз өнерін еркін көрсете алатын ерекше шығармашылық алаңы. Кеш барысында жиналған қауым домбыраның күмбірлеген үнін тыңдап қана қоймай, ән шырқап, күй орындап, өлең оқып, би билеп, өнерпаздарға қолдау көрсетті.
Іс-шара қатысушыларға шығармашылық арқылы туған жерге, ұлттық мәдениетке деген құрметін білдіруге мүмкіндік берді.
Өз өнерін ортаға салған барлық қатысушы ұйымдастырушылар тарапынан естелік сыйлықтармен марапатталды. «Dombyra Party» — тек музыкалық мереке ғана емес, шабыт пен шығармашылыққа толы, баршаға ашық мәдени кеңістікке айналды.
Айта кетелік ЮНЕСКО Қазақстан халқын Домбыра күнімен құттықтады.