Астанада екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды

Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада екінші ауысымдағы мектеп оқушылары ауа райына байланысты қайтадан қашықтан оқиды. Бұл туралы қалалық білім басқармасы хабарлады.

– 16 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - делінген хабарламада. 

Бұған дейін Қазақстанның 12 өңірінде күн райына байланысты ескерту жарияланғанын хабарлаған едік. 

Сондай-ақ Қазақстанның қай өңірлерінде оқушылар сабақты қашықтан оқитынын жаздық.