Астанада ер адам оқ тиіп қаза болды, тағы біреуі ауруханаға жеткізілді - ІІД

АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - Астанада оқ жарақатынан ер адам қаза тапты, деп хабарлайды астаналық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Түнде 102 нөміріне «Кега шоу бар» түнгі клубының аумағында атқан оқтың дыбысы естіліп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Жедел жәрдем қызметі ауруханаға есін жинамастан қайтыс болған ер адам мен аяғындағы оқ жарақаты бар 22 жастағы жас жігітті жеткізді.

Аумақты тексеру барысында полиция қызметкерлері 1986 және 1991 жылғы екі ер адамды ұстады, олардың бірінен ПМ тапаншасы мен оның оқ дәрілері табылды.

Қазіргі уақытта олардың қылмысқа қатыстылығы тексерілуде, сондай-ақ болған оқиғаның мән-жайлары мен себептері анықталуда.

Аталған қылмысты жасаған тұлғаларды анықтау және ұстауға бағытталған жедел-іздеу шаралары өткізілуде. Тергеу амалдары жүріп жатыр.