Астанада есірткімен әйел ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының тұрғынынан 110 грамм героин тәркіленді. Бұл туралы Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ведомствоның мәліметінше, «Астана есірткісіз қала» акциясының шеңберінде 25 наурыз күні жүргізілген жедел-іздестіру шаралары кезінде Астана қалалық ІІД Есірткі саудасына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 1970 жылы туылған әйел адамды ұстады. Оны тінту кезінде 110 грамм героин табылып, тәркіленді.

Қазір әйелге қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 259-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.