Астанада «Гамма» тұрғын үй кешенінен өрт шықты

Фото: Астана тұрғындарынан

АСТАНА. KAZINFORM — Оқыс оқиға елорданың Нұра ауданындағы Бектұров көшесінде болған, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, көпқабатты үйдің төртінші қабатындағы пәтер өртке оранған.

— Осы сәтте елордалық құтқарушылар Нұра ауданы Бектұров көшесінде орналасқан он екі қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтердегі өртті сөндіріп жатыр. Оқпандар енгізілді, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Оқиғаның мән-жайы анықталады, — делінген хабарламада.

ТЖМ дерегіне сәйкес, 112-ге зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Бұдан бұрын елорданың Байқоңыр ауданында бір қабатты павильон өртенгенін жазған едік.