Астана әкімдігінің мәліметінше осыған байланысты, 19-23 сәуір аралығында аталған учаскеде қозғалыс толығымен жабылады. Бұл ретте қозғалыс жақын жерде орналасқан көшелермен ұйымдастырылатын болады.
— Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, — делінген хабарламада.
Айта кетелік астанада үш автобустың бағыты өзгеретіні туралы жазған едік.