«Астана ІІД әкімшілік полиция басқармасы уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және «Астана Су Арнасы» АҚ Энергетиктер шағынауданындағы кәріз желісін жөндеп жатқанын хабарлайды. Осыған байланысты, Гейдар Алиев көшесінің Тоқпанов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейінгі бөлігі жабылған болатын. Бүгін де көшедегі апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Мұндағы көлік козғалысы жөндеу жұмыстары толық біткен соң, 5 мамыр күні ашылады», - делінген Астана ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.
21:11, 02 Мамыр 2018
Астанада Гейдар Әлиев көшесіндегі қозғалысты шектеу мерзімі ұзартылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гейдар Алиев көшесінің Тоқпанов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейінгі қозғалысты шектеу 5 мамырға дейін жалғасады. Бұл туралы ҚазАқпарат қалалық Ішкі істер департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.