Астанада халықаралық вокалдық байқаудың жеңімпаздары анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында Роза Бағланова атындағы халықаралық вокалдық байқаудың гала-концерті өтті.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, салтанатты кеште өнерпаздар мен байқау лауреаттары сахна төрінде өнер көрсетіп, жеңімпаздар марапатталды. 

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Байқаудың бас жүлдесі Медет Орынбаевқа табысталды. Бірінші орынды Меруерт Желдібаева иеленсе, екінші орын Сәкен Алимхановқа бұйырды. Үшінші орынды Эльвира Мамытова мен Аян Байжігіт бөлісті. 

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Кеш шымылдығы Халық қаһарманы Роза Бағланованың репертуарындағы әйгілі «Ах, Самара-городок» халық әнімен ашылды. Кешке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Ысқақова, ҚР Мәдениет саласының үздігі Перизат Тұрарова, халықаралық байқаулардың лауреаты Асылхан Шалқаров және өзге де «Қазақконцерт» әртістері қатысты. 

I, II және III дәрежелі орын иегерлеріне дипломдар табысталып, өзге қатысушыларға сертификаттар берілді.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Сонымен қатар Роза Бағланованың отбасы атынан Айназ Рахимзадэ, Инна Троян, Мухаддас Алиева және Гран-при иегері Медет Орынбаевқа арнайы сыйлықтар тарту етілді. 

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

«Қазақконцерт» әртістері мен байқау лауреаттары көпшілікке мазмұнды бағдарлама ұсынды. Сахнада шырқалған әндер арқылы қатысушылардың орындаушылық шеберлігі паш етілді. Кеште Роза Бағланованың репертуарындағы таңдаулы туындылар орындалып, әншінің мол шығармашылық мұрасы жас буынға кеңінен дәріптелді.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бұдан бұрын павлодарлық «SAMIYAN» квинтеті Түркиядағы өнер байқауында гран-приге ие болғанын жаздық.