Шара департамент қызметкерлерінің кәсіби мерекесі Қылмыстық іздеу күніне орайластырылды. ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров әріптестеріне еңбекте табыс тіледі. Сонымен қатар, полицейлерді құттықтауға еңбек жолын қылмыстық іздеуден бастаған Ішкі істер органдарының ардагері Александр Князев те келді. 60 жылдан астам уақыттан бері оның өмірі осы саламен байланысты. Князев жастарға шыдамдылық пен табандылық тілеп, еліміздің болашағы полицейлерге байланысты екенін атап өтті. Дәстүр бойынша мерекеге орай үздік полицейлер грамоталармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Олар спорттық спартакиадаға қатысып, көркемөнерпаздар байқауында бақ сынасты. Жарыстардың қорытындысы бойынша Сарыарқа аудандық ІІБ топ жарып, «Skoda» маркалы қызметтік көлікке ие болды. Екінші орын алған Алматы аудандық ІІБ ноутбук табысталды. Ал үшінші орынға табан тіреген Есіл аудандық ІІБ көпфункциялық құрылғы берілді.
20:54, 06 Қазан 2014
Астанада ІІД-нің үздік қызметкерлері марапатталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Ішкі істер департаментінде үздік полиция қызметкерлерін құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаттау рәсімі өткізілді, деп хабарлады astana.kz.