Бұл туралы бүгін Отбасы күніне арналған «Мейірімді отбасы» салтанатты жиынында ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің күзет қызметін бақылау бойынша басқарма бастығы Нұрболат Сүйіндіков мәлім етті.
«Күзет қызметі құрылымдарының жас жанұяларын баспанамен қамту мәселесін шешіп жатырмыз. Қызметкерлерімізге арнап жатақхана салу үшін бюджеттен қаржы бөлу мәселесі қаралуда», - деп атап өтті ол.
Жалпы, Қазақстан бойынша мамандандырылған күзет қызметі құрылымдары қызметкерлерінің 6 мың жанұясы бар. Нұрболат Сүйіндіковтің сөзіне қарағанда, бүгінгі шара қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп ұйымдастырылды. Шара соңы шығармашылық ұжымдардың мерекелік концертіне ұласпақ.