Астанада «Избушка» мейрамханасындағы өрт сөндірілді (ФОТО, ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Есіл өзіні жағалауындағы (оң жағалау), «Гранд Алатау» тұрғын үй кешені жанындағы жазғы дәмхана өртенді.

Бұл туралы оқиғаға куә болғандар хабарлаған.
ҚР ІІМ ТЖК-ның ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, бүгін сағат 18:12-де Желтоқсан көшесі 2/3 мекенжайындағы «Избушка» мейрамханасында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.
8 минуттан соң оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер іске кірісті.
Өрт ішкі сыртқы қабат пен ішкі қабырғалар және мейрамхананың төбесіне жайылып 80 шаршы метрді зақымдаған. Сағат 18.37 -де өрт сөндірілді. Мейрамхана «Гранд Алатау» тұрғын үй кешеніне жапсарлас салынған әрі жұмыс істемейді.
Өрт сөндіруге 8 техника 31 қызметкер жұмылдырылды.