23 мамырда Астана тұрғындарының ұялы телефондарына қалада 2009 жылға Мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтерлерді берудің басталғандығы және 6 шілде күні сағат 16.00-де қала әкімдігіне құжаттармен келу қажеттілігі жайында sms-хабарламалар келіп түскен.
Бұл факт ҚР ҚК «жалған ақпарат таратқан үшін» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тіркеуіне алынды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге тиесілі ұялы телефон сим картасымен бірге тәркіленді. Тергеу барысында құрықталған азаматшаның осыған дейін «алаяқтық» бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы анықталды.
Еске сала кетсек, 24 мамырда қала әкімдігі Астана күніне орай пәтерлер берілетіні туралы SMS-хабарламалардың мәліметтерін жоққа шығарған болатын.