Бұл жайында бүгін таңертең «City Transportation Systems» ЖШС әлеуметтік желіде мәлімет таратты.
Ауа райының нашарлауына және трассаның жабық болуына байланысты қала маңына қатынайтын № 305, 306, 310, 311, 312, 315, 316, 318, 326 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылған.
Сонымен қатар, №302, 303, 320 бағдарлар «Лесная поляна» тұрғын үй аймағына кірмейді.
Қала маңына қатынайтын басқа бағдарлар линияда жүр.
Еске сала кетейік, бұған дейін бұрқасын мен көктайғаққа байланысты Щучинск пен Теміртау бағытына шығатын жолдардағы көлік қозғалысы тоқтағанын жазған болатынбыз.