Шараға ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов, Астана әкімі Әсет Исекешов, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдар, барлық ведомстволар, қала әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері, прокуратура, ІІД, ұлттық қауіпсіздік органдарының басшылары қатысты.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінде хабарлағандай, «Астананың жайлылығы мен қауіпсіздігі» жоспары елорда тұрғындары мен қонақтарының жайлы өмір сүруіне қауіпсіздіктің стандарттарын арттыру үшін әзірленді. Құжат 172 шара мен екі бөлімді («Қауіпсіздік» және «Жайлылық») қамтиды. Бірінші бөлімге қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ТЖ жол бермеу, соның салдарына әзірлік, экономикалық қауіпсіздік жатады. Екінші бөлім - сервиске, өмір сапасына қанағаттану, туристік жайлылық. Бүгінде толықтай 19 тармақ орындалды, қалған 99 шара іске асыру сатысында.
Тараптар қаладағы бірқатар проблемалық мәселелерді талқылады. Қала басшысы тиісті министрліктер мен ведомстволар тарапынан шешім қабылдауды қажет ететін әр блок бойынша нақты ұсыныстар енгізді.
Әкімнің айтуынша, 2017 жылғы 1 мамырға дейін проблемаларды оңтайландыру және шешу үшін елорданың ІІД бас операциялық орталығының жұмысымен интеграцияланған қалалық ахуал орталығын құрады. Жыл аяғына дейін күллі қала бойынша полиция қызметкерлеріне және қалалық қызметтерге арналған 10 мың камера орнатылады.