«Сатушы аксессуарлар - есірткілік заттар бейнеленген футболка мен бейсболкаларды сатумен айналысқан», - деп хабарлады Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
9 маусымда 43 жастағы жеке кәсіпкерге қатысты есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттап, заңсыз жарнамалағаны үшін (ҚР ӘҚБ кодексі) әкімшілік материал толтырылды.
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты кәсіпкерге қатысты оны әкімшілік жауапкершілікке тарту шешімін қабылдап, 200 АЕК көлемінде айыппұл салды. Жоғарыда аталған фактілерді анықтау бойынша шаралар жалғастырылып жатыр.