Жедел шараларды жүргізу барысында полицейлер күдіктілерді анықтап, «тауар» үшін жасалатын «келісімнің» қай жерде болатынын анақтаған. Қаскүнемдер қызды 40 мың теңгеге сатып жібермек болған.
Алдын ала жоспарланған клиенттен ақша алу кезінде күдіктілер оқиға орнында ұсталды. Тергеу барысында осыған дейін істі болған Б. есімді азамат пен 1989 жылғы Д. есімді сыбайласы өз айыптарын мойындады.
Полицейлердің анықтауынша, айыптылардың күштеп ұстап отырғаны қызы бұрын тәтесімен тұрған жетім қыз екен. Қылмыскерлер құрықталғаннан кейін қыз күнделікті өміріне қайтып оралды.
Аталған факті бойынша ұсталған тұлғаларға қатысты ҚР ҚК 133-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу жүргізіліп жатыр.