Астанада «Kaspi bank» бөлімшесіне ұры түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Kaspi bank» бөлімшесіне ұры түсті, деп хабарлайды Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінен.

«Полицейлер Бейбітшілік көшесінде орналасқан «Kaspi bank» бөлімшесінен қорқытып 140 мың теңгені қолды етіп, оқиға орнынан қашып кеткен ер адамды анықтау және ұстау бойынша жедел шара жүргізуде. Жан-жақты іздеу жұмыстары басталып кетті.  Тонау фактісі бойынша сот алды тергеу басталды.

  «102»  арнасына 17.20-да қоңырау шалынды, деп жазылған ІІД хабарламасында.