Ұйымдастырушылардың айтуынша, елімізде жыл сайын, тіпті, ай сайын ауқымды іс-шаралар, әр түрлі деңгейдегі кездесулер, халықаралық деңгейдегі жиындар өтетіні анық. Міне, сондай ауқымды шаралардың қауіпсіздігін қамту, азаматтардың амандығын бақылау, қоғамдық тәртіптің бұзылуына апаратын жайттардың алдын алу, табиғи және адами фактор себеп болатын төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарларын жою үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бүгінгі көрме дәл осы бағытта қандай жетістіктер бар, қандай ғылыми-техникалық жаңалықтар болып жатыр деген мәселелерді қамтиды.
Көрмеге Қазақстан, Германия, Италия, Ресей, АҚШ, Қытай, Швеция, Швейцария елдерінің зауыттары өндірген 100-ге жуық брендті өнімдер қойылған. Мысалы, Француз елінің компаниялары өртке қарсы құрал-жабдықтар мен өрт шыға қалғанда белгі беретін детекторларды, роботтехникалар мен оқ-от өтпейтін көліктерін көрмеге қойып, үлкен назарға ие болып жатыр. Тіпті, көрме аясында Франция полициясының арнайы бөлімі мен Франциядағы тәуекелдерді басқару орталыңының сарапшылары арнайы семинарлар өткізуге ниеттеніп келген.
Айта кетейік, көрмені ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Астана қаласының әкімдігі ұйымдастырып отыр.