Оқиға 27 желтоқсан күні сағат 08.00-дер шамасында Жеңіс даңғылы бойындағы «Дастархан» асханасында болған. Белгісіз ер адам ғимараттың ішінде тұрған қайырымдылық мақсаттағы ақшаны алып із суытқан. Күдіктінің бейнесі ғимараттағы бақылау камерасына түсіп қалды.
Қазір полицейлер ұрыны іздестіру үстінде. Астана ІІД қызметкерлері бейнекамераға түскен адамды танитындар болса Сарыарқа аудандық ІІБ-іне 8 (7172)71-66-36, 71-66-34, 71-66-10, ұялы. тел. 8-775-400-04-28 нөмірлеріне қоңырау шалуын сұрайды.