Премьер-министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев пен Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Нөкерғұлы Атағұлыевтің тең төрағалығымен Экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Түрікмен үкіметаралық комиссиясының 14-отырысы өтті.
Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық пен өнеркәсіптік кооперация, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, мұнай-газ салаларын және білім беру, мәдениет мәселелерін талқылады.
ҚР вице-премьері Ғалымжан Қойшыбаев Қазақстан екіжақты қатынастардың барлық бағытын дамытуға дайын екенін атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті хаттамаға қол қойылды.
Комиссия отырысының аясында екі елдің мемлекеттік органдарының, даму институттары мен іскер топтарының өкілдерін біріктірген Қазақстан-Түрікмен бизнес-форумы өтті. Іс-шараға 40-қа жуық түрікмендік және 100 қазақстандық компания қатысты.
Бизнес-форум қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылды:
- «QazTrade» ССДО» АҚ мен Түркіменстанның өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағы арасындағы өзара іс-қимылды дамытуды көздейтін ынтымақтастық туралы меморандум;
- «Silk Way Asia Trade» ЖШС мен «Hazar Logistik» ҚҚ арасында, сондай-ақ «Silk Way Asia Trade» ЖШС мен ЖК «Gamma»арасында электрондық коммерция саласындағы ынтымақтастық туралы уағдаластықтар;
- «Ashra Solutions» ЖШС мен «Ojar Aziýa» ЖК арасында инвестиция-құрылыс саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.
Айта кетелік Қазақстанның Түрікменстанға ауыл шаруашылығы тауарлары экспортының көлемі өскен еді.