Тергеу кезінде Д. есімді азаматтың депозиттік есепшотынан 28,4 млн теңге белгісіз адамдардың есепшоттарына заңсыз аударылғаны анықталды.
— Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында Астана қаласында үш адам ұсталды. Олардың екеуі — Ақтау қаласының, біреуі — Қарағанды облысының тұрғыны. Тергеу нәтижесінде күдіктілердің есепшотына жәбірленушінің ақшасы түскені белгілі болды. Қылмысты ұйымдастырды деген күдікке ілінген Ақтау қаласының тұрғыны жасырынып жүрген жерінен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, — делінген ведомство хабарламасында.
ІІМ мәліметінше, қазір тергеу жалғасып жатыр.
Бұдан бұрын бірнеше облыста қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар табылғанын жаздық.