Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне Астана қаласы ІІД ЖПБ жол және техникалық бақылау бөлімінің бастығы Нұрлан Уваев хабарлады.
«Астанада «Автобус» жедел-алдын алу шарасы нәтижесінде қалада жолаушылар тасымалымен айналысатын қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан жолда жүру ережелерін бұзудың 491 оқиғасы тіркелді. Соның ішінде көлікті басып озу ережелерін сақтамаудың - 124, жолға қоқыс тастау - 105, нормативтен жоғары зиянды заттарды ауаға тарататын көлік құралын пайдаланудың - 36 фактісі анықталып отыр», - деді Н.Уваев.
Сонымен қатар автобустардың техникалық жағдайына жауап беретін 11 лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы өндірістік істер қозғалған.
Қазіргі уақытта елордада жолаушылар тасымалымен 9 компания, 942 автобус айналысады.