19 қазан «Koktal Run» жүгіру марафоны ұйымдастырылады. Оған жеңіл атлетиканы ұнататын әрбір тұрғын қатыса алады.
Жүгіру қашықтығы:
1. Балалар (14 жасқа дейінгі ұлдар): 2 км;
2. Балалар (14 жасқа дейінгі қыздар): 1 км;
3. Ересектер (18-49 жасқа дейінгі ерлер): 5 км;
4. Ересектер (18-49 жасқа дейінгі әйелдер): 5 км.
5. 50 жастан асқан ерлер/әйелдер (5 км қашықтық);
Қатысушылар саны – 500 адам.
Күні: 19.10.2024, сағ. 09:00, марафонға қатысушыларды тіркеу 19.10.24 8:00-ден 9:00-ге дейін.
Өтетін орны: «Көктал» саябағы, Бейбарыс Сұлтан көшесі.
Марафон соңында балалар мен ересектер арасында 1-2-3 орындарға қатысушылар марапатталады. Марафон жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медаль және бағалы сыйлыққа ие болады.
Маман жүгірудің, жиі жаяу жүрудің пайдасы туралы айтқан болатын.