Алаш тасжолында орналасқан базарлардың аумағын тексеру барысында бірқатар өрескел заңбұзушылықтар анықталды, деп атап өтеді департамент.
«Әсем» базары (Алаш тасжолы 29/2) маңында заңсыз қоқыс төгетін алаң анықталған.
«Кәсіпкерлер заң бойынша азық-түлік қоқыстарын арнайы полигонға апарып төгудің орнына базар аумағына төге берген. Қоқыс алаңын ұйымдастырған және қоқысты өртеген кәсіпкерге ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 505 бабы 2 бөлігі бойынша 84 840 теңге көлемінде айыппұл салынды», - деді ол.
Сонымен қатар «Алаш» базары мен «Жайлау» ЖШС мал сою пунктінің аумағында қоқыс төккені анықталды. Оларға да аталмыш заң бұзушылықтар бойынша, 84 840 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Қазіргі уақытта анықталған заңбұзушылықтар мен қоқыс алаңдары жойылды, делінген ІІД таратқан хабарламада.