Астанада қоқыс жәшігінен жеке куәліктер, төлқұжаттар мен әскери билеттер табылған

АСТАНА. 14 маусым. ҚазАқпарат - Астанада қоқыс жәшігінен көптеген жеке куәліктер, төлқұжаттар мен әскери билеттер табылған. Бұл туралы елордалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

2013 жылдың 13 маусымында Жамбыл көшесіндегі тұрғын үй ауласындағы қоқыс жәшігінен көптеген құжаттар - жеке куәліктер, ҚР және 1971 жылғы үлгідегі КСРО төлқұжаттары, әскери билеттер, жаңа және ескі үлгідегі жүргізуші куәліктері табылған.

Астана қаласының ІІД қызметкерлері тексеріс жүргізуде. Табылған құжаттар қандай себептермен қоқыс жәшігіне түскендігі туралы жағдайлар анықталуда.