АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен аптада Астананың «Есіл» ауданында қаланы көріктендіру ережелері, санитарлық жағдайы және тазалықпен қамтамасыз ету бойынша 35 тәртіп бұзушылық анықталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі әкім аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үш мердігер ұйым, екі бизнес субъектісі, бір құрылыс компаниясы, пәтер иелерінің кооперативтері және 28 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шартты айыппұл 317 660 теңгені құрады.
«Есіл» ауданы аумағының санитарлық жағдайын бақылау аудан әкімдігі мен АІІБ жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полиция бөлімшесімен бірге атқарылды.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.